Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ештеңе ұрламадым, маған қандай айып тағып отырсыз?": "СҚ-Фармацияның" экс-басшысы сотта жауап берді

Опубликовано:

Фото
Фото: Kazpravda.kz

Бүгін сотта өкілеттігін асыра пайдаланды және қару сақтады деп айыпталған "СҚ-Фармацияның" бұрынғы басшысы Берік Шәріп жауап берді. Ол ештеңе ұрламағанын, заңға қайшы әрекет етпегенін және өзіне тағылған айыпты түсінбейтінін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Прокурорға бұл күлкілі болып көрінеді"

"СҚ-Фармацияның" бұрынғы басшысы өз қызметі барысында компания 26 миллиард теңгені үнемдей алғандығын мәлімдеді. Сол уақытта ол бұл ақшаны өзіне дейін әлдекімдер алып отырғанын түсінгенін айтады.

"Мен 2 жыл жұмыс істедім - мен барынша ашық жұмыс істедім. Бізді қанша рет тексерді, маған ешқашан айып тағылған жоқ. Жеткізушіні (поставщик - ред. ескертпесі) таңдау кезінде бірде-бір шешім дау тудырған жоқ. Құқық қорғау органдары тарапынан тексерістер болған. Бас прокуратура 2019 жылы бізді 8 ай бойы тексерді. Мен кеткеннен кейін Бас прокуратура"СҚ-Фармация" компаниясын да тексерді.

Егер мен қандайда бір мүддені көздеген болсам, не үшін бәрін видеоға түсіріп, онлайн сатып алулар жүргіздім? "Іңкәр" ЖШС-мен келісімшарт жасасқан кезде бізге экономикалық тергеу қызметі келді және біз оларға іс материалдарын ұсындық.

Мен медициналық ұйымдарды медициналық өнімдермен қамтамасыз етуге тырысып, өз жұмысымды істеп жүрдім. Тіміскі әрекеттерді қайдан көріп тұрсыздар? Мен айыптаудың мәнін түсінбеймін. Мен бұл сұрақты сотқа дейінгі айыптау органына да қойдым, "маған қандай айып тағып отырсыз?" деп сұрадым.

Мен прокурор мырзаға бұл күлкілі болып көрініп отырғанын байқаудамын, бірақ маған да бұл күлкілі көрінеді. Мен ештеңе ұрламадым, ештеңені қолды қылмадым, барынша таза жұмыс істедім. Алғашқы жылы-ақ 26 млрд (үнемдедім - ред.ескертпесі). Маған "егер сіз осындай ақшаны үнемдесеңіз, біреу бұрын осындай ақшаны алып отырғанын түсінуіңіз керек" дегендері есімде. Мен 361-бап бойынша тағылған айып негізсіз деп санаймын. Мен өз жұмысымды атқарып келдім", - дейді Берік Шәріп.

"Мен тапаншаны қолданған жоқпын"

Сондай-ақ, Шәріп қаруды заңсыз сақтады деген айыптауларға жауап берді.

"Шынында да, мен 2006 жылы Шымкенттегі "Арсенал" дүкенінен тапанша сатып алдым. Бірақ мен оны ешқашан қолданған емеспін. Мен көшкеннен кейін тапаншаны өткізу қажет екенін білмедім. Менің екі мылтығым бар - мен аңшымын, қару ұстауға рұқсатым бар, бәрін ресми түрде тіркегенмін. 2013 жылы мылтықты тапсырдым, менде рұқсат қағаздары болды. Егер сол кезде маған біреу бәрін тапсырып, тіркеу керек деп түсіндірсе, мен мұны жасар едім", - дейді ол.

"2 мың дәрігердің дертті жұқтырғаны үшінә кінәлау ақылға қонымсыз"

Сондай-ақ, Берік Шәріп медицина қызметкерлеріне арналған жеке қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ) сатып алу ережелерін бұзбағанын алға тартты. Оларды сатып алу туралы компаниямен келісімшарт 10 күнде жасалғандықтан, "СҚ-Фармация" өзіне тапсырлған жұмыстың бөлігін орындады дейді бұрынғы басшы.

Естеріңізге сала кетейік, айыптаушы тарап Берік Шәріптің келісімшарт жасасу үшін "Іңкәр" ЖШС-ны әдейі таңдағанын, олардың "Қазақстан аумағына ЖҚҚ әкелуге және пайдалануға рұқсаты жоқ екенін біле тұра келісімшартқа отырғанын - компания ЖҚҚ-ны Қытайдан әкелуге тырысқанын, бірақ одан ештеңе шықпағанын мәлімдеген еді.

"10 күн ішінде біз келісімшартқа қол қойдық. Сатып алу процедурасын қалайша бұзды деуге болады? Біз мүмкіндігінше жылдамдатуға тырыстық. Егер қалыпты жолмен жүрсек, тауарды 4-5 айда алатын едік. Жағдайда түсіну қажет болды, жауапкершілікті өз мойнымызға алуға тура келді. Біз өз тарапымыздан қажет жұмысты атқардық. Біздің кесірімізден дертті жұқтырды деп айыптау ақылға қонымсыз. Мен кеткеннен кейін, яғни 2020 жылдың маусымынан желтоқсанына дейін 15 мыңға жуық медицина қызметкері коронавирусты жұқтырды.

Менің кесірімнен 2000 медицина қызметкері дерт жұқтырды деп айыптауда. Бірақ мұнда менің көптеген әріптестерім, дәрігерлер, санитарлық дәрігерлер, түрлі мемлекеттік органдардың басшылары, Денсаулық сақтау министрлігі куәгер ретінде қатысты - барлығы бірауыздан ЖҚҚ тапшылығы дертті жұқтырудың жалғыз себебі бола алмайтынын айтты. Бұл мультифакторлық жағдай екенін, көптеген себеп барын түсіну керек. Дертке төтеп беруге бірде-бір ел дайын болмағанын түсіну керек", - дейді Берік Шәріп.

Естеріңізге сала кетейік, "СҚ-Фармацияның" бұрынғы басшысына қатысты сот ісі 2021 жылдың сәуір айының соңында басталған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919798-estene-urlamadym-magan-qandai-aiyp-tagyp-otyrsyz-sq-farmaciyanyn-eks-bassysy-sotta-zauap-berdi/

pixel