Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тегін пайдаланыңыз": Жомарт азамат жайылымдық жерін құрғақшылықтан малы қырылып жатқандарға ұсынды

Опубликовано:

Батырбек
Фото: Facebook/Батырбек Қошқарбаев

Павлодар облысының тұрғыны құрғақшылықтан малы қырылып жатқан малшыларға шама-шарқынша көмектесуге ниетті деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Баянауыл ауданы, Жүсіпбек Аймауытов ауданының тұрғыны Батырбек Қошқарбаев жайылымдық жерін құрғақшылық болып жатқан аймақ тұрғындарына малын уақытша жайып, күйлендіріп алуға тегін пайдалануға бермекші.

"Құрғақшылықтан малы арықтап, қырылып жатқан видеолар көптеп тарап кетті. Жайылым болмай, малын аман алып қаламын деген адамдар болса, Павлодар облысы Баянауыл ауданында жайылым жерім бар. Суы бар, шөбі жақсы. Шын мұқтаж жандар болса, малын аман алып қалуға тегін қолдануға беремін", - дейді ол.

Жомарт азамат 500 гектар жайылымдық жеріне бір жылдай уақытша мал жаюға рұқсат беремін деп отыр.

"Жылқы, қойға қолайлы жер. Өз малым да сонда жайылады. Малдары оңалып, сол жақтарда шөп шыққанша пайдалана берсе болады. Ол жер қысы-жазы жайылым. Осындай жағдайды көріп, бей-жай қарап отыра алмадым. Мүмкін үлкен техникасы, жағдайы бар шаруалар жайылым іздеп жақтан адамдар болса, көмегім болсын", - дейді Батырбек.

Айта кетейік, Қызылорда облысы Арал ауданында төтенше жағдай жарияланды. Ол жерде төрт түлік көтерем боп, 500-ден астамы арам өлген.

Олардан сынама алған мамандар малдың аурудан емес, аштықтан қырылғанын растап отыр. Одан бөлек, өңірде жем-шөп бағасы да қымбаттап кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919806-tegin-paidalanynyz-bayanauyldyq-zomart-azamat-zaiylymdyq-zerin-qurgaqsylyqtan-maly-qyrylyp-zatqandarga-usyndy/

pixel