Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Азаматтарға арналған үкімет" қазақстандықтарға үндеу жасады

Опубликовано:

Телефон
Көрнекі фото: pixabay.com

Елімізде белгісіз адамдар өзін Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері ретінде таныстырып, азаматтардан қарызын өтеп, төлқұжат деректерін тексеруді сұрауда. Осыған байланысты ведомство өкілдері тұрғындарға үндеу жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алаяқтық әрекеттердің жиілеуіне байланысты "Азаматтарға арналған үкімет" ХҚО қызметкерлері клиенттерге қоңырау шалмайтынын және қарыздарды төлеуді немесе төлқұжатқа қатысты деректерді тексеруді сұрамайтынын ескертеді. Сонымен қатар, мемлекеттік корпорация қызметкерлері де борышкерлердің мәліметтер базасына қол жеткізе алмайды, банктік есепшоттарды бұғаттай алмайды немесе шетелге шығуға тыйым сала алмайды", - дейді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі.

Мекеме клиенттермен барлық байланыс тек 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүзеге асырылатынын атап өтті.

Ал SMS-хабарлама арқылы клиенттерге брондау уақыты, құжаттардың қолданыс мерзімінің аяқталуы, мемлекеттік қызметтер бойынша берген өтініштерінің нәтижесі туралы хабарланады.

"Біз қазақстандықтарды қырағылық танытуды және бөгде адамдарға өзінің төлқұжат деректерін немесе цифрлық қолтаңбасын бермеуді сұраймыз. Сіздің жеке кабинетіңізге кіре отырып, алаяқтар сіз туралы ақпаратты өзінің жеке мүддесіне пайдалануы мүмкін", - дейді ведомство.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алмат қаласының полициясы қазақстандықтарға үндеу жасап, ұялы телефонға AnyDesk қосымшасын орнатпауға шақырған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919811-azamattarga-arnalgan-ukimet-qazaqstandyqtarga-undeu-zasady/

pixel