Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлеуметтік желіде порнографиялық суреттерін жариялаған ақмолалықтың басы бәлеге қалды

Опубликовано:

Ер адам
Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желіде өзінің порнографиялық суреттерін жариялаған Ақмола облысының тұрғынына қатысты тергеу басталды деп хабарлайды Polisia.kz.

26 маусым күні полиция қызметкерлері өзінің порнографиялық сипаттағы суреттерін таратумен және жарнамалаумен айналысып, әйелдерге интимді қызмет ұсынған ер адамды анықтаған.

Күдікті өз кінәсін бірден мойындаған.

Қазір 27 жастағы Зеренді ауданының тұрғынына қатысты Қылмыстық кодекстің 311-бабы (Порнографиялық материалдар мен заттарды заңсыз тарату) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тәртіп сақшыларының дерегінше, жас жігіт желіде лақап атты пайдалана отырып, анкета мен жеке интимді суреттерін жариялаған. Заттай айғақтар тәркіленген.

Тергеу амалдары жалғасуда.

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодар облысының тұрғыны WhatsApp желісіндегі топқа екі ауылдасы бейнеленген порнографиялық видеоны жібергенін жазған едік.

Интимді видео көпшілікке 2020 жылдың желтоқсанында жария болған. Оны мессенджердегі тауар сатуға және сатып алуға арналған ортақ чатқа 47 жастағы ер адам кездейсоқ емес, әдейі жіберген.

Бұл жайттан кейін жергілікті тұрғын полицияға арызданып, порнографиялық материалдарды заңсыз тарату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Нәтижесінде күдіктіге 1 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған. Ол сотта кінәсін мойындаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919848-aleumettik-zelide-pornografiyalyq-suretterin-zariyalagan-aqmolalyqtyn-basy-balege-qaldy/

pixel