Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елмізде жүкті әйелдерге де вакцина сала ма: ДСМ өкілі жауап берді

Опубликовано:

Жүкті әйел
Көрнекі фото: pixabay.com

Аяғы ауыр әйелдерге вакцина салу мәселесі зерттеліп жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев айтты деп жазады baq.kz.

Табынбаевың айтуынша, Қазақстанда жүкті әйелдерге вакцина салуға қатысты Денсаулық сақтау министрлігінен бұйрық келмеген.

"Ресейде жүкті әйелдерге вакцина салуға рұқсат берілгені айтылуда. Бірақ біздің Денсаулық сақтау министрлігі жүкті әйелдерге вакцина салуға әлі рұқсат берген жоқ. Бұл мәселе әлі зерттеліп жатыр", - дейді ведомство басшысы.

Жалпы Алматы қаласында бір тәулік ішінде 6 203 адам вакцина салдырғаны белгілі болып отыр. Ал жыл басынан бері 500 мыңға жуық адам екпе алған.

Бүгінде оңтүстік астанадағы медициналық мекемелер, мектептер, мәдениет, спорт нысандары, базарлар мен ойын-сауда орталықтарында 208 вакцинация бекеті жұмыс істеуде. Жалпы 307 вакцинация бригадасына 1 256 медицина қызметкерлері жұмылдырылған.

Ал қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин тұрғындарды сақтық шараларына жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Бекшиннің айтуынша, санитарлық қауіпсіздік ережелерін сақтау, нақтырақ айтсақ, бетперде тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау, қолды жиі жуу мен вакцина салу өте маңызды шара болып табылады. Санитарлық ережелерді сақтау – індетті жұқтырмаудың бірден-бір жолы дейді қаланың бас санитарлық дәрігері.

Мақала авторы: Мақпал Орынбек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919863-elmizde-zukti-aielderge-de-vakcina-sala-ma-dsm-okili-zauap-berdi/

pixel