RU

Бекшин: Алматыда коронавирустың балалар мен қарттар арасында таралу дерегі көбейді

Бетперде киген бала
Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматыда балалар мен қарттар арасында коронавирусты жұқтыру дерегі көбейді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елімізде эпидеиологиялық ахуалды бақылап отыратын ASHYQ қосымшасы тек кәмелетке толғандар үшін ғана қолжетімді. Брифинг барысында БАҚ өкілдері Ресейде балалардың қоғамдық орындарға бармас бұрын тексеруден өтетінін сөз етіп, осы орайды "бізде балаларға қатысты мұндай шаралар қабылдануы мүмкін бе" деген сауал жолдады.

Бұл сұраққа Алматының бас санитарлық дәрігері келесідей деп жауап берді:

"Бізде бұл мәселе әлі қарастырылған жоқ. Мысалы, 5 жасқа дейінгі балаларға маска кию режимі енгізілген жоқ. Бұрын індет туралы балаларға қатысты сөз аз қозғалды. Қазіргі жағдайды қарасақ, бір апта ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында аурудың таралуы 4%-ға артқан. Ал 60 жастан асқандардың арасында 6%-ға көбейген. Бұл жаңа пайда болған штамның қаншалықты патогенді екендігін көрсетіп отыр", - деді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар, бас санитар дәрігердің айтуынша, балалардың ауруға шалдығуы көбейсе, бұл деректер ASHYQ қосымшасына енгізілуі мүмкін.

Еске салсақ, бұған дейін Шымкент қаласының бас санитар дәрігері карантин мерзімін ұзарту туралы қаулы жариялағанын жазған едік.

Сондай-ақ Алматы қаласы "қызыл" аймаққа өтуіне байланысты карантин қатаңдатылғанын жазған болатынбыз.

Одан бөлек, Нұр-Сұлтан денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов қалада жаңа инфекциялық станционарлар жасақталып жатқанын айтқан болатын.

"Біз төсек-орын санын көбейтіп, кадрлық ресурстарды іске қосуға мәжбүрміз. Инфекциялық станционарларға бір тәуліктің ішінде 150-200 адам түсіп жатыр", - дейді Мұратов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919870-beksin-almatyda-koronavirustyn-balalar-men-qarttar-arasynda-taralu-deregi-kobeidi/