RU

Дәрігерлер қандай жағдайда вакцинаны кейін салдыруға рұқсат қағаз береді

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев дәрігерлер қандай науқастарға коронавирусқа қарсы вакцина салуды кейінге қалдыруға рұқсат қағаз беретінін айтып берді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нариман Табынбаевтың айтуынша, бірінші кезекте, аллергиясы бар барлық адамға вакцина салдыруды кейін қалдыруға рұқсат беріледі. Алайда, ол науқас диспансерлік есепте тұруы керек.

"Бүкіл жерде, әрбір денсаулық карточкасында аллергия байқалатыны және қандай дәрілік препараттарға немесе химиялық реагенттерге аллергия бар екені жазылатын баған бар. Сондықтан, бұл жерде дәлелдеудің қажеті жоқ, өйткені бәрі медициналық тарихта сипатталған. Ал квинкенің ісінуі, тұншығу тәрізді аллергияның ауыр түрлері бар адамдар, әрине, олар ерекше есепке алынады", - деді ол.

Сондай-ақ, ол қабылдау пунктінде науқастың ауру тарихында қандай да бір дәрілік аппараттарға ғана емес, бояғыштарға немесе басқа химиялық және органикалық заттарға реакциялар байқалатыны көрсетілсе, анамнез жиналатынын алға тартты.

"Әрине, оларға вакцина салу кейінге қалдырылып, зерттеу жүргізу үшін тұрғылықты жері бойынша үйіне жіберіледі", - деді Нариман Табынбаев.

Айта кетсек, бұған дейін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев жүкті әйелдерге вакцина салдыу мәселесіне тоқталып өткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919871-darigerler-qandai-zagdaida-vakcinany-keiin-saldyruga-ruqsat-qagaz-beredi/