RU

Ақтауда жағажайда 5 жасар бүлдіршін қас-көздің арасында суға батып кеткен

жағажай11
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтауда бес жасар қыз бала суға кетіп, көз жұмды. Оқыс жағдай халық арасында "солдат жағажайы" деп аталатын жерде болған деп хабарлайды КТК арнасы.

Теңізге түсуге ата-анасымен барған кішкентай бала қас-көздің арасында суға түсіп тұншығып қалған. Жедел жәрдем келгенше көз жұмыпты.

Өйткені бұл жағажайда арнайы құтқару жасағы жоқ екен, тіпті шомылуға арнайы жабдықталмаған.

Қайғылы жағдайдың қалай болғаны анықталып жатыр.

"Приморский шағын ауданында Ақтау қаласындағы "Солдатский пляж" жағалауынан баланың денесі куәгерлермен судан шығарылды. Ол 27 маусым күні суға шомылу кезінде жабдықталмаған жерде суға батып кетті", - дейді Маңғыстау облысы ТЖД басшысының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров.

Дереккөз КТК арнасы

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтөбеде 5 және 6 жасар екі бала Бекқұл баба ауылындағы Жаман Қарғалы өзеніне батып кеткен еді. ТДЖ мәліметінше, балалар бақылаусыз қалған.

Одан бөлек, СҚО-да жоғалған сегіз жасар қыздың денесі бес күннен кейін Есіл өзенінен табылған болатын. 2012 жылғы қыз бала сегізінші маусым күні Покровка ауылында жоғалып кеткен еді.

Сонымен қатар, Атырауда өзенге батып кетуге сәл-ақ қалған екі жасөспірім қыз құтқарылған болатын.

Жергілік ТДЖ мәліметінше, мәдени сауықтыру кешені аумағындағы жазғы жағажайға барған жаөспірімдер өз қабілетіне қарамай, белгіленген аймақтан асып суға батып кете жаздаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919884-aqtauda-5-zasar-qyz-bala-qas-kozdin-arasynda-suga-batyp-ketken/