Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вакцина бала көтеруге кедергі келтіре ме

Опубликовано:

Жүктілік
Көрнекі сурет: pixabay.com

Елордадағы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов вакцина бала көтеруге кедергі келтіре ме деген көптің көкейіндегі сауалға жауап берді деп жазады "Хабар" 24.

Тимур Мұратовтың айтуынша, вакцинадан кейін бала көтере алмайсың деген қауесетте қисын жоқ.

Оның сөзіне сенсек, екпе салу мен жүкті болудың арасында байланыс болуы мүмкін емес. Сол себепті, маман қала тұрғындарына вакцина салдыруға кеңес берді.

Қазірдің өзінде бас қаламызда екпе алу бойынша белсенділік жоғары деп жазады телеарна.

Әсіресе, пәтер мен көлік ұтысқа қойылғаннан кейін екпе алуға ағылғандар саны күрт артқан екен. Соның арқасында 210 мың адам вакцинаның бірінші компонентін алып үлгерген.

Еске салсақ, бұған дейін елімізде аяғы ауыр әйелдерге вакцина салу мәселесі зерттеліп жатқанын жазғанын едік. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев айтты.

Оның сөзінше, елімізде жүкті әйелдерге вакцина салуға қатысты денсаулық сақтау министрлігінен бұйрық келмеген.

"Ресейде жүкті әйелдерге вакцина салуға рұқсат берілгені айтылуда. Бірақ біздің Денсаулық сақтау министрлігі жүкті әйелдерге вакцина салуға әлі рұқсат берген жоқ. Бұл мәселе әлі зерттеліп жатыр", - дейді ведомство басшысы.

Айта кетейік, Ресей денсаулық сақтау министрлігі "Спутник V" вакцинасын аяғы ауыр әйелдерге салуға рұқсат берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919887-vakcina-bala-koteruge-kedergi-keltire-me/

pixel