Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда зауытта жарылыс болып, үш адам зардап шекті

Опубликовано:

Жедел жәрдем
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Талдықорғанда 27 маусым күні снаряд жарылып, үш адам зардап шекті. Оқиға шаһар маңындағы арматура зауытында болған деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Телеарнаның мәліметінше, жарылыстан жарақат алғандардың барлығы да сол кәсіпорынның жұмысшылары.

Зардап шеккендер дереу жедел жәрдеммен қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізіліп, біріне шұғыл түрде күрделі ота жасалған.

"Бауырды тігіп, бүйректі алуға тура келді. Қазіргі жағдайы орташа ауыр. Екінші науқас, ол травма бөлімінде. Жағдайы қалыпты. Оған ешқандай ота жасалған жоқ", - дейді дәрігер -хирург Қуат Нұрланұлы.

Тағы бір зардап шеккен азамат дәрігерлік тексеруден кейін үйіне жіберілген.

Қазір оқиға орнында саперлар тобы жұмыс істеуде. Олар жарылыстың мән-жайын анықтамақ.

Ал, жарылысқа қатысты күштік құрылымдар ресми мәлімет бермеді деп хабарлайды телеарна.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ресейдің Новосібір қаласындағы жанармай бекетінде жойқын жарылыс болып, 20-дан аса адам зардап шеккен еді.

Белгілі болғандай Гусинобродское тас жолындағы жанармай құю бекетінен өрт шығып, соңы жарылысқа ұласқан. Яғни сол жерде тұрған ішінде отын бар резервуарлар жарылған.

Жанармай құю бекеті тиесілі "Еврогаз" компаниясының мәліметінше, өрт көлікке жанармай құю кезінде шыққан. Кейін соңынан кем дегенде бес рет жарылыс болған.

Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1919915-taldyqorganda-zarylys-bolyp-eki-adam-zardap-sekti/

pixel