Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің білім беру саласында міндетті вакцинация енгізілуі мүмкін

Опубликовано:

Вакцина118
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Үкіметтің онлайн-отырысында премьер-министр Асқар Мамин Қазақстанда міндетті вакцинацияны тек қызмет көрсету саласында ғана емес, білім беру саласында да енгізу қажет екендігін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бүгінгі күні 3,3 миллионға жуық адам вакцинаның бірінші компонентін, 2 миллионға жуық адам екінші компонентін алды. Бірақ бұл жеткіліксіз. Әкімдер вакцинация қарқынын күшейту керек, әсіресе Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында. Қызмет көрсету, білім беру саласында, еңбек ұжымында міндетті вакцинация енгізу қажеттілігі айқын болып отыр" - дейді премьер-министр.

Еске салсақ, бұған дейін КВИ-ға қарсы вакцина алудан бас тартатын қазақстандықтардан ПТР-тест талап етілуі мүмкін екенін жазған едік.

Одан бөлек, елімізде аяғы ауыр әйелдерге вакцина салу мәселесі зерттеліп жатқанын жазғанын болатынбыз. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев айтты.

Оның сөзінше, елімізде жүкті әйелдерге вакцина салуға қатысты денсаулық сақтау министрлігінен бұйрық келмеген.

Сонымен қатар, Нариман Табынбаев дәрігерлер қандай науқастарға коронавирусқа қарсы вакцина салуды кейінге қалдыруға рұқсат қағаз беретінін айтқан болатын.

Табынбаевтың айтуынша, бірінші кезекте, аллергиясы бар барлық адамға вакцина салдыруды кейін қалдыруға рұқсат беріледі. Алайда, ол науқас диспансерлік есепте тұруы керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919921-elimizdin-bilim-beru-zuiesinde-mindetti-vakcinaciya-engizilui-mumkin/

pixel