Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында жүк көлігі 3 адамды қағып кетіп, екеуі көз жұмды

Опубликовано:

жаяу жүргінші жолы11
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысында жүк көлігі 3 адамды қағып кетті, екеуі оқиға орнында көз жұмды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жол көлік оқиғасы Жамбыл ауылында болған. Қайғылы оқиғаның кадрлары әлеуметтік желіде пайда болды. Жазба авторының дерегінше, қайтыс болғандар ер адам мен оның 9 жасар баласы.

"Жергілікті тұрғын, етікші еді. Ол балаларымен бірге өзенге шомылуға бара жатқан болатын. Қызы да сол жерде көз жұмды, ал ұлын итеріп үлгерген. Ұлы тірі", - делінген видеодағы жазбада.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 28 маусым күні сағат 14:50 шамасында Алматы-Нұр-Сұлтан тасжолының бойында болған.

Ведомство дерегінше, "ЗИЛ 431410" жүк көлігінің 45 жастағы жүргізушісі тас жолмен оңтүстік бағытта келе жатып, 30-шақырымда жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан үш жүргіншіні қағып кеткен.

Салдарынан 53 жастағы ер адам мен 9 жасар бала оқиға орнында қайтыс болған. Үш жасар бала ауруханаға жеткізілген.

Қазіргі уақытта жол апаты қатысты қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша (абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Айта кетейік, осы бап бойынша бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1919941-almaty-oblysynda-zuk-koligi-3-adamdy-qagyp-ketip-ekeui-koz-zumdy/

pixel