Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Салат жасамақ болған": ШҚО-да Қызыл кітапқа енген өсімдікті жұлған үш тұрғын жазаланды

Опубликовано:

Өсімдік
Фото: polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының жергілікті тұрғындары Қызыл кітапқа енген өсімдікті жұлғаны үшін сот алдына келді деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның мәліметінше, Риддер орман шаруашылығы аумағында Разлеванка өзенінің жанында үш дос жойылып кету қаупі бар өсімдіктерді кесіп тастаған.

"Жалпы алғанда олар Қызыл кітапқа енген өсімдіктердің 250-ден астам сабағын кескен", – дейді Риддер қаласы пробация қызметінің бастығы Альмира Майылханова.

Сот алдына келген айыпталушылар "ұсақ пияздан" салат жасамақ болғанын айтқан. Алайда, өсімдіктің бұл түрі еліміздің Қызыл кітабына енгізілгені белгілі болып отыр.

ШҚО Риддер қалалық сотының үкімімен үш тұрғын қылмыстық кодекстің 339-бабының 2-бөлігі 2-тармағы бойынша айыпталып, сот үкім шығарған.

"Айыпталушылар үш жылға бас бостандығынан шектеу жазасына кесіліп, пробация қызметіне есепке қойылды. Қазіргі уақытта есепте тұрған сотталғандармен профилактикалық жұмыс жүргізілуде және бұдан әрі пробация қызметінің бақылауында болады.

Сондай-ақ, қайта құқық бұзушылық жасаған жағдайда сотталғандардың бас бостандығын шектеу түріндегі жазасы неғұрлым қатаң, яғни бас бостандығынан айыруға ауыстырылуы мүмкін. Сотталғандарға бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу ережелері түсіндірілді", – дейді Альмира Майылханова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919969-salat-zasamaq-bolgan-sqo-da-qyzyl-kitapqa-engen-osimdikti-zulgan-us-turgynnyn-bas-bostandygy-sekteldi/

pixel