RU

Павлодарлық тұрғын WhatsApp-та интимді видеолар таратқан

телефон
Көрнекі фото: pixabay.com

WhatsApp мессенджерінде интимді видеолар таратқан Павлодар облысының тұрғыны анықталды деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтоғай аудандық полициясының қызметкерлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында порнографиялық сипаттағы видеолар тарату фактісін анықтаған.

Осыдан кейін тәртіп сақшылары интимді сипаттағы видеоларды таратумен айналысқан 56 жастағы ер адамды анықтаған.

Қазір аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 311-бабына сәйкес (Порнографиялық материалдар мен заттарды заңсыз тарату) сотқа дейінгі тергеу басталған.

Айта кетейік, бұл бап бойынша кінәлі тұлға екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе бас бостандығы шектелуі мүмкін. Тергеу амалдары жалғасуда.

Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде өзінің порнографиялық суреттерін жариялаған Ақмола облысының тұрғынына қатысты тергеу басталғанын хабарлаған едік.

Полицияның дерегінше, жас жігіт желіде лақап атты пайдалана отырып, анкета мен жеке интимді суреттерін жариялаған. Заттай айғақтар тәркіленген.

Одан бөлек, Павлодар облысының тұрғыны WhatsApp желісіндегі топқа екі ауылдасы бейнеленген порнографиялық видеоны жібергенін жазған едік.

Интимді видеоны 47 жастағы ер адам кездейсоқ емес, әдейі жіберген. Ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалып, нәтижесінде оған 1 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919976-whatsapp-ta-intimdi-videolar-taratumen-ainalysqan-pavlodarlyq-turgyn-ustaldy/