Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында төрт жасар қыз баланы көлік қағып кетті

Опубликовано:

Қыз
Көрнекі фото: pxhere.com

Павлодар облысында жолға жүгіріп шыққан төрт жасар қыз баланы көлік қағып кетті деп хабарлайды polisia.kz.

Қайғылы оқиға 28 маусым күні Ақсу ауылдық округіне қарасты Береке ауылында болған.

Полицияның мәліметінше, 21 жастағы ВАЗ 2106 көлігінің жүргізушісі жолға жүгіріп шыққан төрт жасар қызды қағып кеткен.

"Жол апаты салдарынан бала алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды", - дейді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қаиров.

Ведомство жүргізушіге қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-бөлігіне сәйкес (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған іс-әрекет) тергеу амалдары басталған.

Көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қостанай облысында үш бала жол апатынан көз жұмғанын жазған едік.

Облыстық полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, қайғылы оқиға Қостанай-Қарабұтақ тас жолында болған. 

"Renault SANDERO мінген 36 жастағы әйел жүк көлігін басып озбақшы болған. Сөйтіп, жолдың қарсы бетіне шыққанда Lexus-пен соқтығысқан", - дейді полицейлер.

Renault-та болған үш жасөспірім – 14 жастағы екі бала және 17 жастағы бір бала оқиға орнында көз жұмды. Ал көлік жүргізушісі және оның жанында отырған 40 жастағы жолаушы дене жарақатын алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919996-pavlodar-oblysynda-4-zasar-qyz-balany-kolik-qagyp-ketti/

pixel