RU

Қарағанды облысында вакцина салдырғандар арасында екі iPhone 12 ойнатылады

Екпе
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қарағанды облысында вакцина алған өңір тұрғындары арасында екі iPhone 12 телефоны ойнатылады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұтыс ойынын облыс орталығының екі жас және белсендісі Әмір Бейсеналин мен Рустам Айтмағамбетов ұйымдастырды.

Олардың айтуынша, ұтыс өңір тұрғындары арасында вакцинация көрсеткішін арттыруға бағытталған.

"Бізді пандемияға байланысты қалыптасқан жағдай алаңдатады. Екінші жыл қатарынан дүкендерге, дәмханаларға, мейрамханаларға, киноға, театрларға және басқа да қоғамдық мекемелерге маскасыз кіруге болмайтын жағдайда өмір сүріп жатқанымыз ұнамайды. Біз көрермендермен өткізілетін жаппай іс-шаралар туралы ұмытып кеттік және осы жағдайдан шығудың жолы вакцинация деп санаймыз. Мұны неғұрлым тезірек түсінсек, соғұрлым тезірек толыққанды өмір сүре бастаймыз", – деп атап өтті Әмір Бейсеналин.

Ұтыс ойынының шарттары қарапайым: вакцинация, егу паспортын немесе вакцинаны алғандығын растайтын кез келген басқа құжатты суретке түсіру, оны әлеуметтік желілерде #стопковидкрг хэштегімен орналастыру, ұйымдастырушылардың Instagram-дағы аккаунттарына жазылу – @rr.pro және @amirbsn, ұтыс туралы посттың астына екі досты белгілеу.

Ұтыс ойынына Қарағанды облысының тұрғындары ғана қатыса алады. Қорытынды шілде айының алғашқы күндерінде шығарылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920018-qaragandy-oblysynda-vakcina-saldyrgandar-arasynda-eki-iphone-12-oinatylady/