RU

Күдікті мас болған: Алматыда көшеде ер адамды өлтіріп кетті

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматыда көшеде ер адамды өлтіріп кетті. Күдікті тез арада ұсталған деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басылымның жазуынша, оқиға Алматының Түрксіб ауданында 28 маусым күні болған.

Алматы қаласының полиция департаменті "Буран-291" патрульдік экипажы күдіктіні "ізін суытпай" ұстағанын хабарлады.

"Ұсталған күдіктінің айтуынша, ол тек пышақпен қорғанған, ал қарудың қарсыласының денесіне қалай тигенін білмейді. Сонымен қатар, оның мас болғаны анықталды", - деп хабарлады полициядан.

Күдікті Алматы облысы, Қарасай ауданының 45 жастағы тұрғыны. Күдікті мен куәгерлер полиция бөліміне жеткізілген.

Арнайы топ оқиға болған жерді қарау кезінде қылмыс қаруын тауып, сараптамаға жіберді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтауда әйелін қызғанған ер адам кісі өлтіргенін жазған едік.

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі, 188-бабының 1-бөлігі бойынша сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай сотталушы өз әйелін жәбірленушіден қызғанып, 2020 жылдың 30 желтоқсаны күні сағат кешкі 8-дер шамасында жәбірленушінің пәтеріне барып, есігін қаққан. Ер адам есікті ашқан бойда оған жұдырық жұмсап, ұрып құлатып, өлімші етіп сабаған.

Одан әрі, ол қасақана қылмыстық іс-әрекетін жалғастырып, ер адамның өлгеніне көз жеткізіп, оның 20 000 теңге тұратын ұялы телефонын жасырын жымқырып, қылмыс болған жерден ізін суытқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920025-kudikti-mas-bolgan-almatyda-kosede-er-adamdy-oltirip-ketti/