RU

Алматыда коронавирус жұқтырған 49 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

Науқас пен дәрігер
Көрнекі фото: Global Look Press / Xiao Yijiu

Алматыда коронавирус жұқтырған 660 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

28 маусым күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 216 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 93, симптомсыз – 33 науқас тіркелді. Барлық емделіп шығарылғандар – 121, келіп түскені – 91.

"Инфекциялық стационарларда 660 адам бар (төсек-орынның жалпы саны – 1 730), оның ішінде 36 бала емделуде", – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 49 адам жатыр. Ал 12 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 23 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 15 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 1249 пациент бар. Оның ішінде 1050 адамның бойында індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайдағы науқас. 199 адамда коронавирус белгілері жоқ.

Еске салсақ, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандарға қатысты соңғы мәлімет шықты. Өткен тәулікте 1321 адамнан коронавирус анықталды. Осылайша, жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 421 121-ге жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920026-almatyda-koronavirus-zuqtyrgan-49-nauqas-zansaqtau-boliminde-zatyr/