RU

Дауылды ескерту: Елде аптап ыстық күтіледі

Күн
Көрнекі фото: pixabay.com

Елімізде 30 маусымға арналған ауа райы болжамы, ерекше метеорологиялық құбылыстар болжамы жария болды деп хабарлайды "Қазгидромет".

30 маусым күндіз Қызылорда облысында 40-44 градус қатты ыстық және өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз 30 маусымда Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай болады, онтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с күтіледі. Өте жоғары өрт қаупі сақталады.

30 маусымда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз 35-39 градусқа дейін өте қатты ыстық күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, кей жерлерде 15-20 м/с. Кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Орал қаласында ертең күндіз найзағай, бұршақ жауып, 36 градус қатты ыстық күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан екпіні 18 м/с жел соғады.

Күндіз 30 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде 35-38 қатты ыстық күтіледі. Күндіз 01-02 шілдеде кей жерлерінде 40-42 градус өте қатты ыстық, өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

Петропавл қаласында 30 маусымда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. 1-2 шілдеде күндізгі уақытта 35-37 градус қатты ыстық, өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

30 маусымнан 2 шілдеге дейін Түркістан облысының басым бөлігінде 40-42 градус қатты ыстық күтіледі. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент қаласында 30 маусымнан 2 шілдеге дейін күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі.

Түркістан қаласында 30 маусымнан 2 шілдеге дейін күндіз 40-42 градус қатты ыстық күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920046-dauyldy-eskertu-elde-aptap-ystyq-kutiledi/