Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теңізде шомылмақ болды: Құтқарушылар Ақтаудың жағалауынан ер адамды іздестіруде (видео)

Опубликовано:

Суға бату
Көрнекі сурет: pixabay.com

Құтқарушылар Ақтауда теңізде шомылмақ болып, із-түзсіз кеткен ер адамды іздестіруде.

"Лада" басылымының хабарлауынша, полиция қызметкерлері құтқарушыларға теңізде, суға түсуге тыйым салынған жерде ер адамға көмек көрсету қажет екенін хабарлаған. Оқыс жағдай қаланың 4- ықшамауданында болған.

Ер адамды іздеу үшін қайықтағы құтқару экипажы оқиға орнына келіп жеткені хабарланды. Басылым оқиға болған жерден кадрлар жариялады.

Еске салсақ, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында құтқарушылар зейнеткерді құтқару үшін үй төбесінен түсуге мәжбүр болғанын жазған едік.

58 жастағы ер адам құтқарушылардан көмек сұраған. Ол бесінші қабаттағы пәтерде тұратын анасымен байланыса алмай отырғанын, тіпті анасы есік ашпай жатқанын айтып түсіндірген.

Оның сөзіне қарағанда, ол анасының үйде екенін білген, сонымен қатар ақырын дауыспен көмек сұрап, дұға етіп жатқанын естіген. Ер адамның рұқсатымен құтқарушылар пәтерге терезе арқылы кіріп, альпинистік жабдықты қолданып, шатырдан түскен.

Үй ішінде ас үй мен дәліздің арасында жатқан 78 жастағы кейуана табылды. Ол орнынан қозғала алмай жатқан екен.

Құтқарылған зейнеткер дәрігерлерге тапсырылды. Кейуана жедел түрде ауруханаға жеткізілді. 78 жастағы зейнеткерді құтқару операциясы сегіз минутқа созылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920093-tenizde-somylmaq-boldy-qutqarusylar-aqtaudyn-zagalauynan-er-adamdy-izdestirude-video/

pixel