RU

Өткен тәулікте 2000-нан аса қазақстандық коронавирус жұқтырды

Адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрі елдегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты деректерді жаңартты деп хабалайды Coronavirus2020.kz telegram арнасы.

Қазақстанда өткен тәулікте 2016 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 678
  • Алматы қаласы - 253
  • Шымкент қаласы - 103
  • Ақмола облысы - 48
  • Ақтөбе облысы - 56
  • Алматы облысы - 53
  • Атырау облысы - 89
  • Шығыс Қазақстан облысы - 71
  • Жамбыл облысы - 25
  • Батыс Қазақстан облысы - 126
  • Қарағанды облысы - 302
  • Қостанай облысы - 47
  • Қызылорда облысы - 14
  • Маңғыстау облысы - 50
  • Павлодар облысы - 56
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 13
  • Түркістан облысы - 32.

Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 423 137-ге жетті.

Еске сала кетейік, еліміздің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті қазақстандықтар бір-біріне таратып жатқан локдаун туралы ақпаратқа пікір білдірген еді.

"Бұл жалған ақпарат. Бүгінгі таңда кейбір аймақтарда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты карантиндік шаралар күшейтілді. Олар сауда орталықтарының, дәмханалардың, барлардың жұмыс уақытын қысқартуға, қоғамдық көліктердің дезинфекциялау уақытын ұлғайтуға және т.б. қатысты. Ел аумағында локдаун енгізілмейді. Қалалар арасындағы ұшулар мен жерүсті қалааралық көлік штаттық режимде жұмыс істейді. Блок-бекеттер қойылмаған", – деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920095-otken-taulikte-qansa-qazaqstandyq-koronavirus-zuqtyrdy/