Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында зейнеткерлер өрттен құтқарылды (видео)

Опубликовано:

Өрт
Оқиға орны. Видеодан кадр: instagram.com/aqmola_tjd

Ақмола облысы Степногорск қаласы Заводской ауылындағы жер үйлердің бірінде өрт болды. Өрт сөндірушілер сонда өмір сүрген зейнеткерлер отбасын құтқарған деп хабарлайды өңірлік ТЖД Instagram парақшасы.

Оқиға 28 маусым күні болған. Өрт сөндірушілер мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің қызметкерлерімен бірлесіп үйден екі адамды құтқарған. Олар - 1955 және 1951 жылы туған ерлі-зайыптылар.

Ер адамды күйік шалып, ауруханаға жеткізілді. Оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

Болжам бойынша өрттің шығуына темекі шегу себеп болған.

Қызыл жалынды сөндіру үшін Төтенше жағдайлар департаментінің алты қызметкері мен өртке қарсы мемлекеттік емес қызметкерлер қатысқан.

Ведомство өрт қауіпсіздігін сақтамау мүліктің бұзылуына ғана емес, адам өліміне де әкеп соқтыратынын еске салды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Түркістан облысында тұрғындардың бірінің үйінің ауласында өрт болып, күдікті ретінде зардап шегушінің ағасы ұсталғанын жазған едік.

Ағайындылардың арасында шөп үшін жанжал болғаны анықталды.

Болжам бойынша түсініспеушілік салдарынан күдікті бауырының ауласындағы шөпті жағып жіберген. Зардап шегушіге 1,2 млн теңге шығын келгені белгілі болды.

Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 202-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1920096-aqmola-oblysynda-zeinetkerler-ortten-qutqaryldy-video/

pixel