Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі миллионнан астам қазақстандық вакцинаның екінші компонентін алды

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі фото: pixabay.com

Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылдың 30 маусымындағы жағдай бойынша Қазақстанда вакцина салдырғандардың санына қатысты ақпаратты жариялады деп хабарлайды zakon.kz.

Министрліктің хабарлауынша, Қазақстанда вакцинаның бірінші компонентін жалпы 3 335 172 адам салдырған.

Екінші компонентті салдырғандардың саны - 2 000 596 адам.

Айта кетсек, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елде коронавирусқа қарсы вакцина салдырудың қарқыны айтарлықтай өскенін, нәтижесінде соңғы апта ішінде вакцина салдырғандардың саны 1,6 есеге, яғни 254 мыңнан 405 мыңға дейін артқанын айтқан болатын.

Ал Нұр-Сұлтанда вакцина салдырғысы келетіндердің саны бес есе артқан.

Еске салсақ, бұған дейін коронавирусқа қарсы вакцина салдырған студенттерге оқу ақысына жеңілдік жасалатынын жазған едік.

Атап айтқанда, COVID–19-ға қарсы екпе алған студенттер жоғары оқу орындарының мүмкіндіктеріне байланысты оқуға, жатақханаларда тұруға жеңілдіктер алып, түрлі сыйлықтарға ие болады.

Одан бөлек, Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстанда аяғы ауыр келіншектерге "Спутник V" вакцинасын салуға рұқсат беріле ме деген сауалға жауап бергенін жазған болатынбыз.

Сауалға комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев жауап беруге тырысты. Оның сөзінше, бүгінгі таңда комитетте бұл тақырып қозғалып жатқан жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920104-eki-millionnan-astam-qazaqstandyq-vakcinanyn-ekinsi-komponentin-aldy/

pixel