RU

Коронавирус: Қазақстанның тағы бір өңірі "жасыл" аймаққа өтті

Коронавирус
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жаңарды. Оған сәйкес, Қызылорда облысы "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа өткен. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК telegram арнасында хабарланды.

2021 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша:

  • "Қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары;
  • "Сары" аймақта Шымкент қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Маңғыстау облыстары;
  • "Жасыл" аймақта: Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

Еске сала кетейік, өткен тәулікте елімізде 2016 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған болатын. Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 423 137-ге жетті.

Одан бөлек, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті қазақстандықтар бір-біріне таратып жатқан локдаун туралы ақпаратқа пікір білдірген еді.

"Бұл жалған ақпарат. Бүгінгі таңда кейбір аймақтарда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты карантиндік шаралар күшейтілді. Олар сауда орталықтарының, дәмханалардың, барлардың жұмыс уақытын қысқартуға, қоғамдық көліктердің дезинфекциялау уақытын ұлғайтуға және т.б. қатысты. Ел аумағында локдаун енгізілмейді. Қалалар арасындағы ұшулар мен жерүсті қалааралық көлік штаттық режимде жұмыс істейді. Блок-бекеттер қойылмаған", – деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920115-koronavirus-qazaqstannyn-tagy-bir-oniri-zasyl-aimaqqa-otti/