RU

"Жылқыны суармақ болған": Павлодар облысында жасөспірім аттан құлап, суға батып кетті

Жылқы
Көрнекі сурет: pixabay.com

Павлодар облысында 15 жастағы жасөспірім аттан құлап, суға батып кетті деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым ақпаратына сәйкес, 29 маусым күні сағат 21:13-те Баянауыл ауданының полициясына ауылдық округ әкімінен жазатайым оқиға туралы хабарлама келіп түскен.

"Сағат 21:00-де 15 жастағы кәмелетке толмаған жасөспірім Жаңатілек ауылынан бес шақырым жердегі Ащысу өзенінде сыныптастарымен бірге атқа мініп, серуендегені анықталды. Жылқыны суармақшы болған бала аттан құлап, суға батып кетті. Ал жылқы жағаға шығып кеткен. Сыныптастары ересек адамдарды көмекке шақырды. Өкінішке қарай, жүгіріп келген әкесі ұлына көмек көрсете алмады", – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Айта кетсек, жазғы кезеңнің басынан бастап Павлодар облысының су айдындарында үш кәмелетке толмаған бала суға батып кеткен.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтауда жағажайда 5 жасар бүлдіршін қас-көздің арасында суға батып кеткенін жазған едік.

Одан бөлек, Ақтөбеде 5 және 6 жасар екі бала Бекқұл баба ауылындағы Жаман Қарғалы өзеніне батып кеткен.

Сондай-ақ, СҚО-да жоғалған сегіз жасар қыздың денесі бес күннен кейін Есіл өзенінен табылған еді. 2012 жылғы қыз бала сегізінші маусым күні Покровка ауылында жоғалып кеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920168-zylqyny-suarmaq-bolgan-pavlodar-oblysynda-zasospirim-attan-qulap-suga-batyp-ketti/