RU

Әуе компаниялары Қазақстаннан ұшатындар үшін жаңа ережелер енгізді

әуежай19
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Халықаралық бағыттар бойынша елден ұшатын жолаушылар үшін жаңа ережелер енгізіледі. Бұдан былай әуекомпаниялары тек ПТР-тестінің теріс нәтижесін ғана емес, зертхана беруі тиіс QR-кодты да сұрайтын болады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мәселен, Оңтүстік Кореяға ұшатын қазақстандықтар бұдан былай "Олимп", "Инвиво", MPK зертханаларында ғана тест тапсыруы керек.

"Зертханалар ПТР тестін шығарады, QR код жасайды, оның көмегімен біз сынақтың шынайылығын зертхананың сайтында сақталған нәтижемен салыстырып тексереміз. Біз рейстерді азайтпау үшін корей тарапының сұранысы бойынша QR кодтарын тексеруді бір апта бұрын бастадық.
Мамыр айында 400 жолаушы тасымалданды, соның 15-інде оң нәтиже анықталды. Яғни, олар бұл жақтан ПТР тестінің теріс нәтижесімен ұшып кеткен. Кейбірі жалған ПТР жасап жатқанын білген. Бізде қазір рейстер саны аз, осындай жағдайлардың салдарынан 60 пайызға дейін қысқартылды", - дейді Asiana Airlines компаниясының өкілі Всеволод Ким.

Мұндай жағдайлар анықталған кезде компания өкілдері құзіретті органдарды, атап айтқанда көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен желілік полиция бөлімін шақырады.

Осы ретте бұл өзгертулердің Қазақстанға ұшып келетін азаматтарға қатысты емес екені хабарланды.

Ал Scat әуе компанясының хабарлауынша, тасымалдаушының жолаушылары арасында жалған тест анықталмаған. Дегенмен QR-кодқа қатысты талап сақталады.

Fly Dubai әуе компаниясының өкілі Павел Филлиповта жолаушылардың ПТР тестімен қоса QR-коды да тексерілетінін хабарлады. Десе де, жолаушы кез келген зертханаға сынамасын тапсыра алады. Егер ПТР тестінің теріс нәтижесі болса, онда жолаушыны рейске өткізеді.

Айта кетсек, қазіргі уақытта барлық зертханада QR-код берілмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920177-aue-kompaniyalary-qazaqstannan-usatyndar-usin-zana-erezeler-engizdi/