Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлгінов жұмысқа қандай көлікпен баратынын айтты

Опубликовано:

Елорда
Фото: elorda.info

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов oрталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн-брифингте өзінің және қарамағындағылардың қандай көлікпен жұмысқа қатынайтынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көлгінов қалада жүріп-тұру үшін әкімдіктің такси қызметімен келісімшарт жасасқанын жеткізді. Мұндай шешім бірнеше жыл бұрын қабылданған екен.

"Біз такси қызметін пайдаланамыз, оны жасырмаймыз. Басқарма басшылары, әкім орынбасарлары, аудан әкімдері такси қызметін қолданады. Мен қазір Toyota Camry көлігімен қатынаймын. Ал орынбасарларымда Қазақстанда шығарылған көліктер. Біз такси қызметін қолданамыз", - дейді елорда әкімі.

Сонымен қатар, ол Астана күнін қалыпты режимде тойлау жоспарда болғанын, алайда санитарлық дәрігерлердің талабынан кейін көптеген іс-шараның өткізілмейтінін хабарлады.

Көлгіновтің сөзінше, өткізілетін іс-шаралардың басым көпшілігі әлеуметтік бағытта болады.

"Қала күні қалалықтар үшін ерекше күн. Адамдар тойлағысы келеді, бірақ эпидемиологилық жағдайға байланысты жоспарымызды өзгерттік. Санитарлық дәрігерлердің талаптарын ескере отырып, жабық ғимараттарда өтетін іс-шаралар онлайн-форматқа ауыстырылады. Көптеген іс-шара өткізілмейді.

Ал көшеде әлеуметтік қашықтық пен санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізіледі. Біз қала күнін әлеуметтік бағытта өткізгіміз келеді. Үй кезегінде тұрған жандарға 400 пәтер, үлескерлерге 20 көпқабатты тұрғын үй мен 50-ден астам аббаттандырылған аулаларды пайдалануға береміз, зағип балаларға арналған балабақша ашамыз", - дейді елорда әкімі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920219-kolginov-zumysqa-qandai-kolikpen-baratynyn-aitty/

pixel