"Жұмысқа тұрғызып беремін": Алты адамға өтірік уәде беріп, қомақты қаржы алған түркістандық азамат ұсталды

Опубликовано:

тұтқындау66
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Түркістанда "үй алып беремін" деп 6 тұрғынды алдап кеткен алаяқ ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғанын айтып, арызданған.

Оның сөзінше, 2020 жылдың қазан айында аса таныс емес адам емханаға мейірбике ретінде қызметке тұрғызып беретінін айтып, 600 мың теңге қаражат алған.

Алайда тұрғын сол күйі жұмысқа тұрмаған. Одан бөлек, қомақты қаражатты да қайтарып ала алмаған.

Полиция аталған фактіні сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіп, қылмыстық кодекстің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша тіркеуге алған.

Осыдан кейін жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізген.

Нәтижесінде күдікті деп танылған жергілікті тұрғын анықталып, басқармаға жеткізілген.

Белгілі болғандай, ер адамның бұдан өзге тағы алаяқтықтың бес жайтына қатысы бары анықталған. Яғни ол алты тұрғынды жұмысқа тұрғызамын деп алдап, екі миллион теңгедей ақша алып, оны өз қажеттілігіне жұмсап жіберген.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауда. Күдікті қамауда отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920245-zumysqa-turgyzyp-beremin-alty-adamga-otirik-uade-berip-qomaqty-qarzy-algan-turkistandyq-aiel-ustaldy/