Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да 27 жастағы әйел қызымен бірге суға батып кетті

Опубликовано:

Құтқару шеңберлері
Көрнекі фото: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында 27 жастағы әйел 8 жасар қызымен бірге суға батып кетті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алтай аудандық Төтенше жағдайлар басқармасының мәліметіне сүйенсек, қайғылы оқиға 29 маусымда Малеевск ауылындағы өзенде болған.

Бір топ адам су жағасына демалу үшін барған.

"2013 жылғы қыз абайсызда суға құлап түскен. Оны құтқару үшін анасы өзенге секірген. Өкінішке қарай, екеуі де суға батып кетті. Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар бірнеше сағаттан кейін әйелдің денесін тапты", – дейді ТЖ басқарма бастығының орынбасары Азамат Абдрахманов.

Ал қыз баланың денесі 30 маусым күні таңертең табылған. Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығын жабдықталмаған жағажайларда шомылмауға шақырады.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтауда бес жасар қыз бала суға кетіп, көз жұмған еді. Оқыс жағдай халық арасында "солдат жағажайы" деп аталатын жерде болған.

Сондай-ақ, Ақтөбеде 5 және 6 жасар екі бала Бекқұл баба ауылындағы Жаман Қарғалы өзеніне батып кеткен еді.

Одан бөлек, СҚО-да жоғалған сегіз жасар қыздың денесі бес күннен кейін Есіл өзенінен табылған болатын.

Сонымен қатар, Атырауда өзенге батып кетуге сәл-ақ қалған екі жасөспірім қыз құтқарылған болатын.

Жергілік ТДЖ мәліметінше, мәдени сауықтыру кешені аумағындағы жазғы жағажайға барған жаөспірімдер өз қабілетіне қарамай, белгіленген аймақтан асып суға батып кете жаздаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1920274-sqo-da-27-zastagy-aiel-qyzymen-birge-suga-batyp-ketti/

pixel