RU

Ақсай қаласында 55 жастағы ер адамды өлтірген күдікті ұсталды

Кісен
Көрнекі сурет: pixabay.com

Ақсай қаласында 55 жастағы ер адамды өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаментінен түскен мәліметке қарағанда, Ақсайда 5-шағынауданда зорлықпен өлтірілген 1966 жылғы ер адамның мүрдесі табылды.

Департамент бастығы, полиция генерал-майоры Махсұдхан Аблазимовтың айтуынша, жедел іздестіру іс-шаралары барысында 1992 жылғы күдікті қолға түсті.

Еске салайық, осыған дейін Алматыда пәтер жалдаушы үй иесін өлтірді деген күдікпен қамауға алынған еді.

Қайғылы оқиға Алатау ауданындағы жер үйлердің бірінде болған. Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, ер адам мен әйел бір бөлмені жалға алған. Үй иесі оларға бөлмеде ішімдік ішіп, шулауға болмайтынын айтып, ескерту жасаған.

"Ол кете салысымен екеуі ішімдік ішіп, шулаған. Үй иесі оларға ескерту жасаған. Осы кезде олардың арасында жанжал шыққан. Әйел үстелдің үстіндегі пышақты алып, үй иесіне салған. 50 жастағы ер адам сол жерде көз жұмды. Күдіктілер ұсталды. Екеуі де мас болған. Олар Алатау аудандық полиция басқармасына жеткізілді",- деп хабарлады полиция департаментінде.

Аталған қылмысқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920288-aqsai-qalasynda-55-zastagy-er-adamdy-oltirgen-kudikti-ustaldy/