Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

49 градус: Канадада аптап ыстықтан жүзден аса адам көз жұмды

Опубликовано:

Ыстықтап тұрған қыз
Көрнекі фото: pixabay.com

Канаданың батыс бөлігінде бұрын-соңды болмаған ыстықтан жүзден аса адам қайтыс болды. Британиялық Колумбияда төрт күн аптап ыстық болып, сейсенбіде тіпті ауа температурасы 49,5 градусқа дейін көтерілген деп хабарлайды BBC.

Басылымның мәліметінше, провинцияның ең ірі қаласы Ванкувердің өзінде өткен жұмадан бері аптап ыстықтан 130 адам қайтыс болған.

Қайтыс болғандардың көпшілігі қарт адамдар мен созылмалы аурулары бар жандар.

Британиялық Колумбияның басшысы Джон Хорган бұл жерлерде бұрын-соңды мұндай ыстық болмағанын айтады.

Көптеген отбасы мен бүтін бір қоғамдастықтар осы құбылыстың ауыр зардаптарына тап болды, дейді ол.

Ал ауа райы ерекше ыстық болып тұрған Литтон қаласында Британиялық Колумбия бойынша үшінші абсолютті рекорд тіркелген.

Жексенбіде жергілікті метеостанциядағы термометр 46,6°C-қа дейін көтерілсе, дүйсенбіде 47,5°C, ал сейсенбі күні түстен кейін сынап бағанасы 49 градустан асып түскен.

Айта кетейік, соңғы рет 45 градус ыстық 1937 жылдың шілдесінде Саскачеван провинциясында тіркелген болатын. Одан кейінгі рекорд 1941 жылы Литтонда тіркелген, ол кезде ауа температурасы 44,4°C-қа дейін көтерілген.

Қазір төтенше жағдайға байланысты провинцияда көптеген мекеме оның ішінде мектептер мен балабақшалар жабылған.

Дәрігерлер ыстықтан қайтыс болғандар туралы мәліметтер әлі нақты емес екенін атап өтті. Канадада қоңырауларға бірінші болып көп жағдайда полиция келеді, сондықтан өлімнің себебі туралы медициналық қорытынды кейін жасалады екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1920336-49-gradus-kanadada-aptap-ystyqtan-zuzden-asa-adam-koz-zumdy/

pixel