Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да жүкті келіншекті ауруханаға апара жатқан жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

Опубликовано:

Жедел жәрдем1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Солтүстік Қазақстан облысында жедел жәрдем мен жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан үш адам зардап шекті деп хабарлайды Қазақпарат.

Жол көлік оқиғасының видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тарап, көпшіліктің талқысына түсті.

Бұл жағдайға қатысты Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті пікір білдірді. Ведомствоның баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, оқиға бүгін сағат 5.20 шамасында Қызылжар ауданы Петерфельд елді мекенінің маңында орын алған.

Тас жолда Петропавлға бара жатқан жедел жәрдем мен "Ауди" маркалы көлігі соқтығысып, салдарынан үш адамның жарақат алғаны белгілі болды.

Жеңіл көлікте отырған Мамлютка қаласының тұрғыны, 58 жастағы ер адам ауруханаға жатқызылыпты.

Жедел жәрдемдегі 28 жастағы жүкті келіншек те медициналық мекемеге жеткізілген екен.

Алдын ала мәлімет бойынша, арнайы көлік оны перинаталдық орталыққа апара жатқан.

Қазіргі уақытта оқиға орнында Қызылжар ауданы полиция бөлімінің жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Сотқа дейінгі тергеу барысында тәртіп сақшылары істің мән-жайын анықтамақ. Тиісті сараптамалар өткізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920416-sqo-da-zukti-kelinsekti-auruxanaga-apara-zatqan-zedel-zardem-koligi-apatqa-usyrady/

pixel