Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы субұрқақта зардап шеккен әйел ауруханадан шықты

Опубликовано:

Аурухана2
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда субұрқақта тоқ соғып зардап шеккен әйел ауруханадан шықты. Бұл туралы қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Пациент кеше үйіне шығарылды. Барлық қажетті медицианалық көмекті толық көлемде алды. Оның жағдайы тұрақты", - деп хабарлады басқармадан.

Бұған дейін оның жансақтау бөлімінде жатқаны хабарланған еді.

"Жасанды тыныс алу аппаратынан алынды. Қазір өзі демалып жатыр. 8 және 10 жасар қыздар аурухананың бейінді бөлімінде жатыр. Екеуінің де жағдайы тұрақты, шағым жоқ, барлық медициналық көмекті алуда" - деген еді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы.

Еске салайық, 19 маусымда қазақ мемлекеттік циркінің жанындағы субұрқақта екі кәмелетке толмаған қыз бен бір ересек адам электр тоғынан зардап шеккен болатын.

Кейінірек, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің денсаулығына қатысты пікір білдіріп, қыздардың анасы ауыр жағдайда екенін хабарлады.

Оқиғаға қатысты Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевта пікір білдіріп, мұндай жағдай болмауы керек екенін айтты.

Одан бөлек, субұрқаққа жауапты Eco Almaty ЖШС-нің басшысы Жанна Асанова пікір білдірді. Ол субұрқақ жанында "шомылуға болмайды" деп жазылғанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920424-almatydagy-suburqaqta-zardap-sekken-aiel-auruxanadan-syqty/

pixel