Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтарды шілде айында не күтіп тұр: Отандық астролог болжам жасады

Опубликовано:

Шомылу
Көрнекі фото: pixabay.com

Танымал отандық астролог Ирина Әбдірайымова шілде айына болжам жасады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оның сөзінше, шілде айында әлемде жағдай күрделі болады. Пандемияға байланысты елдер арасында ұшуға, жүріп-тұруға шектеулер сақталады. Коронавирусқа қарсы вакцина салдыру ерікті емес, мәжбүрлі болуы мүмкін.

"Жалпы айдың бірінші онкүндігі айтарлықтай күрделі – халықаралық аренада қақтығыстар, жағдайдың шиеленісуі. Митинг, теракті, арандату, тіпті төңкеріс болуы ғажап емес. Саяси аренада өркөкіректік пен билікке қызығушылық дипломатиялық деңгейде шешілуге тиіс проблемаларға әкеп соғады", - деді Ирина Әбдірайымова.

Астролог осы айда заңдарға халықтың қолдауына ие болмайтын өзгерістер енгізілуі ықтимал екенін ескертті.

Шілденің басы кімдерге қиын?

Маман 1 шілдеде адамдардың көбісі құқығы тапталып-шектеліп жатқан сияқты сезімде жүретінін болжады. Жоспарлары іске аспай, мазасы кетеді, дейді ол. Қабылданған шаралар өзі күткен нәтиже бермеуі мүмкін.

Ирина Әбдірайымованың сөзінше, 2-3 шілде күндері адамдар тез шешім қабылдап, шапшаң қимылдауға тырысады. Бірақ мұның соңы ұжымдағы әріптестерімен, достарымен жанжалдасуға, тіпті сүйіктісімен айырылысуға әкеп соғуы ықтимал. Сондықтан маман қандай да бір шешім қабылдамас бұрын "жеті рет өлшеп, бір рет кесуге" кеңес берді.

"Егер айдың басында көңіл-күйіңіз көтеріңкі болса, 4-5 шілде ойыңызға жаңа идеялар келуі мүмкін. Бұған дейін шешімін таппаған мәселелер аяқ астынан шешіледі немесе оларды шешудің жаңа жолдары табылады. Бұл кезеңде қызықты кездесулер мен таныстықтар күтіп тұр, бастысы авантюрадан аулақ болыңыз", - деді астролог..

Ал 5-7 шілде аралығында адамдардың өміріне Нептун энергиясы ықпал етеді. Шытырман оқиғаларды іздеген жандар алданып, көңілі қалуы ықтимал, дейді сарапшы.

Ирина Әбдірайымова бұл кезеңде махаббат, қамқорлық тапшылығы қатты сезілетінін жеткізді. Осының кесірінен өзімшілдік, салқындық, сараңдық сияқты жағымсыз қасиеттер байқалады.

Қыз бен жігіт арасында түсініспеушілік болып, қарым-қатынасты тоқтату туралы ой келеді. Маманның айтуынша, айдың бірінші онкүндігі тек ғашықтарға ғана емес, бизнесмендерге, қатардағы қызметкерлерге де оңай соқпайды.

7,8,9 шілде – бағалы заттар, қымбат киімдер мен өнер туындыларын сатып алуға аса сәтті кезең емес. Себебі, олар кейін сізге ұнамай қалуы әбден мүмкін, дейді астролог.

"Жалпы бұл уақытта маңызды шешім қабылдамаған дұрыс. Бәрін таразылап, ақылға салсаңыз, қателікке ұрынбайсыз", - деп кеңес берді астролог.

Сонымен қатар Ирина Әбдірайымова бұл аралықта жол апаты жиілеп, жарықтың өшуі, байланыс және интернетпен проблема болуы мүмкін екенін айтты. Бұған қоса ұрыс-керіс, қақтығыс, нық қадамдар оң нәтиже бермейді, керісінше, зиянын тигізуі әбден мүмкін.

Айдың соңы оқиғаларға толы

Оның болжамынша, 10 шілдеден бастап көңіл-күй қалпына келеді. Ренжісіп қалған ғашықтар татуласып, физикалық жақындық, романтизм кезеңі туады.

Отандық маман бұл сапарға шығу, бір нәрсе сатып алу, адамдармен кездесу және романтизм үшін таптырмас уақыт екенін жасырмады. Қыз бен жігіт арасындағы сезім оты қайта тұтанады, дейді Ирина Әбдірайымова.

Сонымен қатар сырласуға, шер тарқатуға өте қолайлы кезең. Тыныш жерге барып, әңгімелесіп, арадағы түсініспеушіліктерді шешіп алуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920432-qazaqstandyqtardy-silde-aiynda-ne-kutip-tur-otandyq-astrolog-bolzam-zasady/

pixel