Шымкент қаласында үнді штамы анықталды
Опубликовано:

Үнділік "дельта-штамы" енді Шымкенттен табылды. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Шымкенттен "дельта-штамм" анықталды. Қазіргі күні тексеріс жүргізілуде", - деп түсіндірді Шымкенттің бас мемлекеттік санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев.
Сонымен бірге, қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан да бұл мәліметті өзінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында жеткізді.
"Дельта-штамм" Шымкенттен шықты. Қала "қызыл" аймаққа кірді. COVID-19 инфекциясын 143 адам жұқтырғаны анықталған. Жаңа штамм тез таралып жатыр, дерт асқынып жатыр. Ата-анаңыз бен балаларыңызды сақтаңыздар", - деп жазды қала басшысының орынбасары.
Оның айтуынша, коронавирус тіпті туғанына бір ай болмаған сәбиден де анықталып отыр.
Еске салсақ, 1 шілдеде Шымкент COVID-19 бойынша "қызыл аймаққа" енді.
Бұған дейін үнділік штамм Алматы облысында анықталған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920453-symkent-qalasynda-undi-stamy-anyqtaldy/