Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шығыс Қазақстанда полицейлердің жүк көлігін қуған сәті видеоға түсіп қалды

Жарияланған күні:

Жүк
Видеодан кадр: polisia.kz

Өскеменде полицейлер "КамАЗдың" мас жүргізушісінің соңынан қуды деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, жүк көлігінің жүргізушісі полицейлердің заңды талабына бағынбаған.

Сонымен бірге, жүргізушінің қашу кезінде полицейлердің көлігін соқпақ болғаны хабарланды. Дегенмен "КамАЗдың" тоқтауына тура келген.

Осыдан кейін ер адам көлігін тастап, полициядан қашып кетуге тырысқан. Алайда ол қолға түскен. Тәртіп сақшылары 20 жастағы жүк көлігі жүргізушісінің мас болғанын анықтапты.

Одан бөлек, салонда жүргізушіден басқа тағы екі адам болған (20 жастағы жігіт пен 16 жастағы қыз).

Тәртіп сақшылары жасөспірімнің ата-анасына қатысты әкімшілік хаттама толтырды. Ал жүргізушіге қатысты билік өкілдеріне бағынбағаны үшін сотқа дейінгі тергеу басталды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Талдықорғанның 26 жастағы тұрғыны Range Rover-дің рөліне ие бола алмай, көлікпен бірге өзенге аударылғанын жазған едік. Суға батқан көліктің ұрланғаны, ал бойжеткеннің мас екені әрі ода жүргізуші куәлігі болмағаны анықталды.

Алматы облысының полиция департаменті жол-көлік оқиғасына қатысты пікір білдірді.

"Range Rover-ді 26 жастағы азаматша басқарған. Ол автокөліктің Қаратал өзеніне аударылуына жол берген. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Қазір көлік тұраққа қойылды. Факті бойынша тергеп-тексеру жалғасуда. Автокөліктің жалға алынғаны және жүргізуші оны жүргізуші куәлігі жоқ танысына басқаруға бергені анықталды. Медициналық куәландыруға сәйкес қыз рөлге мас күйінде отырған", - дейді ведомствоның баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920467-sygys-qazaqstanda-policeilerdin-zuk-koligin-qugan-sati-videoga-tusip-qaldy/