Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте де карантин режимі ұзартылды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Шымкент қаласы бас санитар дәрігерінің карантин режимінің мерзімін ұзарту туралы жаңа қаулысы жарияланды деп хабарлайды Қазақпарат.

Тиісті құжат 2 шілдеден бастап күшіне енеді.

"Шымкент қаласында карантин режимі және коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шектеу шаралары 2021 жылдың 2 шілдесінен бастап эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылсын", -делінген қаулы мәтінінде.

Құжатта Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына адамдар көп жиналатын туған күн, мерейтой, құдалық, той, беташар және басқа кез келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынатыны туралы айтылған.

Сонымен қатар, 65 жастан асқан адамдардың қалада жүруі шектеліп, маска режимін сақтау міндеттеледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920474-symkentte-de-karantin-rezimi-uzartyldy/

pixel