Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда 1 қыркүйекке дейін барлық ЖОО-да Ashyq жүйесі енгізіледі

Опубликовано:

Ashyq қосымшасы
Көрнекі фото: gov.kz

Қазақстандық университеттер жаңа оқу жылынан бастап Ashyq жүйесі бойынша жұмыс істейтін болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствода түсіндірілгендей, президенттің жаңа оқу жылына дайындық және коронавирус инфекциясының одан әрі таралуының алдын алу жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында Қазақстанның жоғары оқу орындары жаңа оқу жылына толыққанды режимде дайындалу бойынша бірінші кезектегі шаралар кешенін әзірледі.

Педагогикалық кадрлар мен қызметкерлерді, студент жастарды толық вакцинациялауға тарту үшін көптеген ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілуде.

Сондай-ақ, әрбір жоғары оқу орнында COVID-19 таралуына жол бермеу үшін ынталандыру шаралары әзірленіп жатыр.

Осылайша, оқу жылының басында Ashyq жүйесі университеттерде толығымен енгізілетін болады, деп атап өтілді білім және ғылым министрлігінде.

Оқу процесі сабақ кезінде әлеуметтік қашықтықты ескере отырып, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға толық сәйкестендіріліп ұйымдастырылатын болады.

Еске сала кетейік, жақында Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар басшыларының, сондай-ақ президент әкімшілігі мен үкімет басшылығының қатысуымен кеңес өткізген еді.

Мемлекет басшысы биыл дәстүрлі форматта өтетін жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарын қазірден бастап қолға алу қажет екенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920507-qazaqstanda-1-qyrkuiekke-deiin-barlyq-zoo-da-ashyq-zuiesi-engiziledi/

pixel