Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

5-сынып оқушысына интимді қатынас ұсынған мұғалім он бес тәулікке қамалды

Жарияланған күні:

Оқушы
Көрнекі фото: pexels.com

Өзбекстанда 5- сынып оқушысына интимді қатынас ұсынған мұғалім бар болғаны 15 тәулікке ғана қамалған деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Басылым мәліметінше, 30 маусым күні Ферғана облысының Өзбекстан аудандық соты 12 жастағы оқушыға интимді жақындық ұсынған 42 жастағы музыка пәнінің мұғаліміне қатысты істі қорытындылады.

Сот оны "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша айыпты деп танып, 15 тәулікке қамау жөнінде шешім шығарған.

Сонымен қатар, мұғалімнің бір жылдан кейін мектептегі жұмысына қайтып орала алатыны айтылды.

Оқушының адвокаты айыпталушы Әкімшілік кодекс емес, Қылмыстық кодекс бойынша жазаға тартылуы керек деген пікірде отыр.

"Судья бұл адамға қатысты Қылмыстық кодекстің кемінде үш бабын - "Қылмыс жасауға дайындалу", "Әйелді төсек қатынасына мәжбүрлеу" және "Жасы кәмелетке толмаған жеткіншекке азғындық әрекетін жасау" баптарын қолдануы керек болатын. Судья егер осы үш бапты қолданып, айыпталушыны жазаласа, сот әділдігі болатын еді", ​– дейді ол.

Соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, оқушы қызға музыка пәнінің мұғалімі интимді жақындық ұсынып, хат жазған. Ол бұл хатты әке-шешесіне көрсеткен. Әке-шешесі бірден құқық қорғау органдарына арызданыпты.

Ал Өзбекстанның білім беру министрлігі бұл оқиғадан хабары жоқ екенін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920570-5-synyp-oqusysyna-intimdi-qatynas-usyngan-mugalim-on-bes-taulikke-qamaldy/