Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирусты ЖРВИ-дан қалай ажыратуға болады

Опубликовано:

Көрнекі фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Дәрігерлер коронавирусты ЖРВИ-ден қалай ажыратуға болатыны туралы бірнеше кеңеспен бөлісті деп хабарлайды Известия.

Коронавирустың жеңіл түрін ЖРВИ-мен шатастыруға болады. Сондықтан дәрігерлер осы екі ауруды бір-бірінен ажыратудың бірнеше әдісін атады.

COVID-19 инфекциясын жұқтырған адамда иіс сезу және дәм сезу қабілетін уақытша жоғалуы немесе мүлдем жойылуы мүмкін.

Дәрігер Юлия Ткаченконың айтуынша, егер адамда қақырықсыз жиі құрғақ жөтел, ауа жетіспеу сезімі, дене температурасы 38,5 градустан жоғары және қатты ұйқышылдық пен әлсіздік сезімі болса, ол адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғанын білдіреді.

"Егер ауруыңыз жеңіл формада болса, салыстырмалы түрде айтсақ, температура жоғары болмай, тұмау болса, оқшауланғаныңыз жөн.

Кез келген жағдайда жұқпалы инфекцияның кішкене белгісі байқалса да үйде оқшауланғаңыз абзал. Сонда ғана айналаңыздағыларға, әсіресе вакцина салдырмағандарға қауіп төндірмейсіз", – дейді дәрігер Владислав Мохамед Али.

Дәрігер бұл жағдайда өзін-өзі емдеудің қажеті жоқ екенін айтуды ұмытпады.

Ткаченконың айтуынша, эпидемиядан шығудың тиімді әдісі – вакцина салдыру. Қарсы көрсеткіштер – егер адам ЖРВИ немесе басқа вирустық инфекциялармен ауырса, жүктілік немесе емізу кезеңі болса, созылмалы аурулардың өршуі.

"Бұл ұжымдық иммунитетті қалыптастырудың және эпидемияны жеңудің жалғыз әдісі. Вакцинадан кейінгі иммунитет аурудан кейінгі иммунитетке қарағанда анағұрлым тұрақты және сапасы жоғары", – дейді дәрігер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920635-koronavirusty-zrvi-dan-qalai-azyratuga-bolady/

pixel