Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: "Сары" аймаққа кірген өңірлерде де карантин қатаңдатылады

Опубликовано:

Адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Бүгін үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді. Оның барысында вице-премьер "сары" аймаққа кірген өңірлерде карантин шараларын қатаңдатуды тапсырды деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК telegram арнасы.

Жиында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елде "дельта" штамы анықталғаннан кейінгі эпидемиологиялық ахуал туралы баяндады.

Эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты вице-премьер облыс әкімдіктеріне "сары" аймақта орналасқан өңірлерде күшейтілген шектеу шараларын қабылдауды тапсырды.

Тоғжанов ел бойынша вакциналаудың жоғары қарқынына қарамастан, бүгінде Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында жұмыс белсенді жүргізілмей жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ, ол әкімдіктерге мобильді бригадалардың жұмысын ұйымдастыру арқылы ауыл тұрғындарын вакциналау жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Одан бөлек, Ералы Тоғжанов мониторингтік топтардың жұмысын, әсіресе Алматы, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында күшейту керектігін атап өтті.

Сонымен қатар, вице-премьер жаңа оқу жылын дәстүрлі форматта бастау үшін облыстық әкімдіктерге алдын-ала дайындалып, білім беру мекемелерінің санитарлық талаптарға сәйкестігін тексеруді тапсырды.

Отырыс барысында "Ashyq" жобасына қатысатын бизнес субъектілерінің қызметіне жүргізілген тексеріс нәтижесіне сәйкес, келушілердің мәртебесін тексермейтін 464 нысанды жүйеден 2 аптаға алып тастау туралы шешім қабылданды.

Бұдан бөлек, ішкі істер министрлігі ПТР-тесті қолдан жасау және өткізу дерегі бойынша жыл басынан бері 23 қылмыстық іс, ал жалған вакцинация паспорттарын пайдалану фактісі бойынша 4 қылмыстық іс қозғағаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920641-koronavirus-sary-aimaqqa-kirgen-onirlerde-de-karantin-qatandatylady/

pixel