Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Солтүстік Қазақстанда жеті жасар немересін құтқармақ болған ер адам көз жұмды

Опубликовано:

Суға кетті
Оқиға орны. Фото: СҚО ТЖД баспасөз қызметі

Солүстік Қазақстан облысы Нежинка ауылы маңындағы Есіл өзенінде қайғылы жағдай орын алды. Немересін құтқару үшін суға түскен ер адам өзенге батып кетті. Өңірдегі Төтенше жағдайлар департаменті оқиғаның мән-жайын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Құқарушылардың мәліметінше, 1 шілде күні сағат 19.30 шамасында полицияға Есіл өзенінде жеті жасар немересін құтқармақ болған 70 жастағы ер адамның суға батып кеткені жайлы хабар түскен.

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері оқиға орнына жедел аттанған.

Олар тұрғындар мен туыстарына көмекке келіп, ер адамды іздеуге кіріскен. Алайда іздеу жұмыстары қараңғы түскенше жалғасқанына қарамастан еш нәтиже бермеген.

2 шілде күні таңертең де іздестіру жұмыстары жалғасқан. Бірақ зейнеткер әлі табылған жоқ.

Анықталғандай, ер адам Новоишимское ауылындағы таксопаркте таксист болып жұмыс істеген. Сол күні ол тапсырыс алып, клиентті Бірлік ауылына апарған. Сол кезде өзімен бірге жеті жасар немересін ала шыққан екен.

Кері қайтар жолда жүргізуші Бірлік және Нежинка ауылдарын қосатын Есіл өзеніндегі көпір маңына тоқтап, көлігін жумақ болған.

Бір мезетте ол немересінің суға құлап, тұншығып жатқанын, оны ағыс жағалаудан әрі қарай әкетіп бара жатқанын көрген. Ер адам тез арада суға түсіп, баланы жағаға шығарған, алайда күші қалмаған ол ағысқа қарсы тұра алмай, суға батып кеткен.

Еске сала кетсек, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында 27 жастағы әйел 8 жасар қызымен бірге суға батып кеткенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1920679-soltustik-qazaqstanda-zeti-zasar-nemeresin-qutqarmaq-bolgan-er-adam-koz-zumdy/

pixel