Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шарықтау шегі тамызда": Бекшин коронавирусқа қатысты жаңа болжамын айтты

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирусқа қатысты жаз айларына арналған болжамын бөлісті. Оның сөзінше, коронавирустың шарықтау шегі тамыз айында болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Біз болжап жасап отырамыз, коронавирустың шарықтау шегі тамыз айының басы мен ортасына тура келеді. Ал дертті жұқтыратындардың саны қыркүйек айының басында азаяды деп болжап отырмыз", - дейді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Сонымен қатар, Жандарбек Бекшин Алматыда коронавирустың төртінші толқыны басталғанын мәлімдеді.

"Коронавирустың үшінші толқыны бәсеңдемей жатып, төртінші толқынға тап келіп отырмыз. Төртінші толқын коронавирустың "дельта" штамының пайда болуымен тікелей байланысты", - деді ол.

Еске сала кетсек, осыған дейін денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті. Оған сәйкес, Ақмола мен Маңғыстау облыстары "қызыл" аймаққа өтті.

2 шілдедегі жағдай бойынша "қызыл" аймақта Ақмола мен Маңғыстау өңірлерінен басқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұр.

"Сары" аймақта Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Павлодар облыстары орналасқан.

Алматы, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары "жасыл" аймақта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920712-saryqtau-segi-tamyzda-beksin-koronavirusqa-qatysty-zana-bolzamyn-aitty/

pixel