Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гүлшара Әбдіқалықова қуаңшылық тартқан бірнеше ауылға барып, шаруалардың мәселесін саралады

Опубликовано:

Гүлшара ханым741
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қуаңшылық тартқан бірнеше ауылдардың мәселесін саралап, шаруалармен кездесті.

Гүлшара Әбдіқалықова Аманөткел ауылдық округінде қуаңшылық жағдайына байланысты шөппен қамтамасыз ету жұмыстарының барысымен танысып, ауыл ардагерлерімен кездесті.

Қыс-көктем мезгілдерінде орын алған ауа райының қолайсыздығы салдарынан Арал ауданында биыл жылқы, ірі қара мүйізді және түйе малдарының өлім-жітімі анықталды. Жағдай бақылауға алынған. Қазір ахуал тұрақталды, мал шығыны жоқ. Жалпы, бүгінге дейін ауданға барлығы 1767,6 тонна жоңышқа, 50 тонна жем әкелінді. Қосымша 406 тонна жоңышқа мен 60 тонна арпаға тапсырыс берілді.

ауылда74
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Қазіргі таңда иесіз деп танылып, меншікке алынған су ұңғымаларын құжаттандыру қажет етіледі және бірінші кезекте қызыл аймаққа енгізілген елді мекендердегі су ұңғымаларын іске қосу, каналдарды тазалау, кеңейту мен тоспа салу керек. Жоғарыдағылардың негізінде осы жұмыстарды шұғыл түрде атқару үшін ауданда төтенше жағдай енгізуге тиісті органдардың келісімі алынып, аудандық төтенше жағдайлардың алдын-алу жөніндегі комиссияның отырысы өткізілді.

Қазіргі таңда төтенше жағдай жариялау туралы шешім ашық нормативтік құжаттар порталына орналастырылған. Аймақ басшысы мал шығыны болмас үшін алдын алу жұмыстарын жүргізіп, қажетті шөппен қамтамасыз етуді қатаң тапсырды.

"Елдің ішіндегі өзекті болып тұрған құрғақшылықтан туындаған мал азығының жетімсіздігі, малдардың қырылуы, су арналарын тазарту мәселелерін саралап, тиісті шешімдер қабылдадық. Осы кезге дейін ахуалды таразылай келе мәселелерді оңтайлы шешу үшін аудан әкімдеріне, сала басшыларына бірқатар тапсырмалар берілді. Қазір жағдай түзеліп, мал азығынан тапшылық көріп отырған аудандарға көрші аудандардан жем-шөп, жоңышқа жеткізілуде.

Ал, Арал ауданына төтенше жағдай жариялау процедуралары аяқталуға жақын. Қазірде тиісті құжаттамалар ашық нормативтік құжаттар порталына енгізілді. Жағдайдан шығудың механизмін сызып, қысқы маусымға мал азығын алдын ала жинап алу жұмыстарын үйлестірудеміз. Егін мәселесі де тысқары қалмайды.

Бүгінде сала мамандарымен бірлесіп күн сайын жағдайды бақылап отырмыз. Суды үнемдеп пайдалануды және шаруа қожалықтарына су бөлінісін кестеге сай бөлу жұмыстары жолға қойылды. Барлығы да өзімнің бақылауымда", - дейді Гүлшара Әбдіқалықова.

Мұнан кейін облыс әкімі "Бұрмақұлақ" учаскесіндегі "Аспай" суағытқысының жағдайымен танысты. Аспай суағытқысы "Қамбаш және Ақшатау" көлдер жүйесін суландыру мақсатында 1974 жылы салынған.

ханы574
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Бүгінгі таңда "Ақшатау-Қамыстыбас" көлдер жүйесін суландыру үшін "Аспай" суағытқысын қайта іске қосып, Бұрмақұлақ арнасын бөгеу қажет. Осы жылы жауапты мамандардын құрылған жұмысшы топ зерделеу жұмыстарын жүргізді. Қорытындысымен нысанның ақау актісі жасалынды. Жоба жүзеге асқан жағдайда "Ақшатау-Қамыстыбас" көлдер жүйесін толтыру және Аманөткел, Райым, Жетесби, Қамыстыбас, Жаңақұрылыс ауылдық округтеріндегі жайылымдық, шабындық жерлерін суландыруға қол жеткізіледі.

Қызылорда облысының ауылдарына ауыз су жеткізу мәселелері де шешімін тауып келеді. Мереке сәтінде Арал ауданына Аққұлақ елді мекенінде ауыз су желісін іске қосылды. Облыс әкімі жаңа ауыз су желісі арқылы 46 тұрғын үй мен 4 мекеме ауыз суға қол жеткізетінін атап өтті. Бұған қоса ескі су айдау стансасының ғимараты күрделі жөндеуден өткізіліп, әр үйге су есептегіш қондырғылары орнатылды.

Айта кетейік, Астана күніне орай Қызылорда облысының әкімі кенттерді газға қосу рәсіміне қатысып, кешенді жұмыстардың нәтижесінде облыс халқының газ тұтыну үлесі 65 пайызды құрап,алда межені 67,4 пайызға жеткізетінін атап өтті.

ханыммм41
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Елорда күні қарсаңында облыс әкімі жаңа жабық бассейн кешенінің лентасын қиды. Жалағашта бой көтерген жаңа үлгідегі бассейннің жоба құны 350,3 млн теңгені құрайды. Жүзу бассейнінде бір уақытта 20 адам қабылдауға мүкіндігі бар. Алдағы кезеңде оқушыларға арналған тегін жүзу үйірмесі ашылмақ. Үйірмеге 20-ға жуық оқушы қабылданып, көпбалалы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған отбасының балаларына жеңілдіктер қарастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920716-gulsara-abdiqalyqova-quansylyq-tartqan-birnese-auylga-baryp-sarualardyn-maselesin-saralady/

pixel