Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вакцина салдырмаған қызметкерлерді жұмысқа шығарған кәсіпкерлер қалай жазаланады

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-​эпидемиологиялық бақылау комитеті вакцина алмаған қызметкерлердің жұмыс істеуіне рұқсат берген жұмыс берушілерді қандай жаза күтіп тұрғанын айтты. Ал кәсіпкерлер болса міндетті вакцинациялау мерзімін ауыстыруды сұрап отыр.

Санитариялық-​эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаевтың "Астана" телеарнасына хабарлауынша, коронавирусқа қарсы вакцина салдырмаған қызметкерлердің жұмыс істеуіне жол берген жұмыс берушілерге 1,5 млн теңге айыппұл салынуы мүмкін.

Маманның өзі де 15 мың теңге мөлшерінде айыппұл төлейді.

"Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына бағынбай, вакцина салдырмаған немесе 7 күн сайын ПТР тестіден өтпегендердің жұмыс істеуіне жол берген басшылар үшін Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 462 немесе 425 бабына сәйкес жаза қарастырылған", - дейді Байтанаев.

Алайда кәсіпкерлер мұндай шараға дайын емес екенін айтады. Олар қызметкерлерді міндетті вакциналау мерзімін ұзартуды сұрап отыр.

Атап айтқанда, мұндай өтінішті Қоғамдық тамақтану қауымдастығы жасаған. Олардың дерегінше, қоғамдық тамақтану саласында 2 млн қазақстандық жұмыс істейді. Рестораторлар олардың бәріне 15 шілдеге дейін вакцина салу мүмкін емес деп есептейді.

"Біз вакцина салуды қолдаймыз, бірақ мұндай қысқа мерзімде физикалық тұрғыдан мүмкін емес. Қазір кәсіпкерлер өз есебінен скрининг жүргізіуде. Өйткені скрининг жүргізбегендіктен дене қызуы, адамдардың ауруханаға түсуі секілді жағдайлар тіркелуде. Мерзімді ең болмағанда 1-15 қыркүйекке дейін созу керек", - дейді Қоғамдық тамақтану қауымдастығы басшысының кеңесшісі Вероника Нұрпейісова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920745-vakcina-saldyrmagan-qyzmetkerlerdi-zumysqa-sygargan-kasipkerler-qalai-zazalanady/

pixel