Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

45 градус ыстық: Еліміздің 5 өңірінде ауа райына байланысты "қызыл" деңгей жарияланды

Опубликовано:

Жаз
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанның бес облысында аптап ыстыққа байланысты "қызыл" деңгей жарияланды деп хабарлайды Қазгидромет.

Метеорологтардың дерегінше, "қызыл" деңгей жарияланған өңірлердің қатарында Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Қызылорда және Маңғыстау облыстары бар.

Картада тағы алты өңірдің "қызғылт сары" түспен белгіленгенін айта кету керек. Олар: Батыс Қазақстан, Павлодар және Жамбыл, Атырау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстары.

Ал Түркістан, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында қауіптіліктің "сары" деңгейі жарияланды.

"Қызыл" деңгейде орналасқан облыстарда синоптиктер дауылдық ескерту жариялады. 3 шілдеде күндіз Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстарында 41 градусқа дейін қатты ыстық пен өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағандыда 35-36 градус ыстық күтіледі.

Қызылорда облысында 3-5 шілде аралығында 45 градусқа дейін аптап ыстық пен өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында да 3-4 шілде күндіз ауа температурасы 40-41 градусқа көтеріліп, өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Одан бөлек, "қызғылт сары" деңгейде тұрған өңірлерде де дауылдық ескерту жарияланды. Күндіз Атырау облысының оңтүстігінде 41 градустық қатты ыстық күтіледі және жоғары өрт қаупі сақталады.

карта
Скриншот: kazhydromet.kz

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазгидромет мамандары шілде айына арналған ауа райы болжамын жариялаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920758-45-gradus-ystyq-elimizdin-5-onirinde-aua-raiyna-bailanysty-qyzyl-dengei-zariyalandy/

pixel