Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰБТ-да шекті балл ала алмаған түлектер жоғарғы оқу орнына түсе ала ма

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Елімізде ҰБТ тапсырып, бірақ шекті балл ала алмаған түлектерге жоғары оқу орнына түсуге жеңілдік берілмек. Яғни, ҰБТ сертификатынсыз-ақ оқуға түсуге болады. Бұл туралы білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев айтты деп жазады Qadam.asia.

Оның сөзінше, ҰБТ-ны төрт рет тапсырып, шекті балл жинай алмаған оқушылар бар.

"Олардың уақытты құр босқа жоғалтып алғаны дұрыс емес. Сол себепті біз оларға жоғары оқу орнына оқуға түсуге мүмкіндік береміз. ҰБТ сертификатынсыз. Бірақ ол ЖОО қабырғасында жүріп бәрібір ҰБТ тапсыруы керек. Ал сертификатын кейін әкеліп тапсырса да болады", — дейді департамент директоры.

Әділет Тойбаев түлек бірінші жылы ҰБТ-ны төрт рет тапсыруға мүмкіндік алғаны секілді келесі жылы да төрт рет тапсыруға мүмкіндік алатынын атап өтті. Демек, ҰБТ-ны келесі жылы тапсырса да болады.

Сонымен қатар, ол 2021 жылдағы ұлттық бірыңғай тестілеудің соңғы қорытындысы 25 тамызға дейін шығарылатынын жеткізді.

"Соңғы нәтижелер тамыз айында дайын болады. Қолданыстағы ережелерге сәйкес барлық бейнежазба 25 тамызға дейін талданады. Егер талапкердің емтихан тапсыру кезінде тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталса, ҰБТ нәтижесі жойылады", - дейді Тойбаев.

Айта кетсек, биыл Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу алғаш рет "1 компьютер - 1 камера - 1 тест тапсырушы" қағидаты бойынша 51 пунктте электронды форматта өтті.

Биылғы ҰБТ-ның маңызды артықшылықтарының бірі – талапкерге тесті екі рет тапсыруға мүмкіндік берілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920807-ubt-da-sekti-ball-ala-almagan-tulekter-zogargy-oqu-ornyna-tuse-ala-ma/

pixel