RU

ШҚО-да үрмелі матраста жатқан 24 жастағы қыз суға батып кетті

үрмелі матрас11
Көрнекі фото: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысында 24 жастағы бойжеткен Бұқтырма су қоймасына батып кетті. Бұл туралы өңірлік төтенше жағдайлар департаменті хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, қайғылы жағдай 1 шілде күні Миролюбовка ауылындағы Бұқтырма су қоймасында болған.

Үрлемелі матраста жатқан 24 жастағы қызды жағажайдан әрі алып кеткен. Бойжеткен тайып кетіп, суға құлаған.

ТЖД мәліметінше, соңғы аптада Шығыс Қазақстан облысында жеті адам, соның ішінде екі бала суға кеткен. Ал шомылу маусымы ашылғалы бері 12 адам қайтыс болған, оның үшеуі бала.

"Көпшілігі өз күштерін асыра бағалағаннан немесе мас болғандықтан суға кетіп жатады. Балаларға келер болсақ, оларға ата-аналары немесе жауапты адамдар дұрыс қарамайды. Не болмаса мүлдем қарамайды", - дейді ШҚО ТЖД бастығының міндетін атқарушы Дмитрий Титов.

Мамандар азаматтарды сақ болып, суда қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Солтүстік Қазақстанда жеті жасар немересін құтқармақ болған ер адам көз жұмғанын жазған едік.

Ер адам таксист болып жұмыс істеген. Сол күні ол тапсырыс алып, клиентті Бірлік ауылына апарған. Сол кезде өзімен бірге жеті жасар немересін ала шыққан.

Кері қайтар жолда жүргізуші Бірлік және Нежинка ауылдарын қосатын Есіл өзеніндегі көпір маңына тоқтап, көлігін жумақ болған.

Бір мезетте ол немересінің суға құлап, тұншығып жатқанын, оны ағыс жағалаудан әрі қарай әкетіп бара жатқанын көрген. Ер адам тез арада суға түсіп, баланы жағаға шығарған, алайда күші қалмаған ол ағысқа қарсы тұра алмай, суға батып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920814-sygys-qazaqstanda-urlemeli-matrasta-zatqan-24-zastagy-qyz-suga-batyp-ketti/