Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы танымал барды тексерген топ 150 адам көңіл көтерген кешті тоқтатты (видео)

Опубликовано:

Түнгі клуб
Көрнекі фото: piqsels.com

Өткен тәулікте Алматының мониторингтік топтары көңіл көтеру орындарында карантин талабын бұзғандарды анықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, карантин талабын Медеу ауданындағы Laureate мейрамханасы бұзған. Мұнда мониторингтік топ көңіл көтеріп жүрген 100 шақты адамды анықтаған.

"Демалушылар жаппай әлеуметтік қашықтықты сақтамаған, карантиндік шектеулерді елемеген", - дейді әкімдік.

"Атмосфера" барына келушілер де карантин талаптарын елемеген. Бұл жерде 150 адам көңіл көтерген.

Аталған факті бойынша аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жіберу үшін әкімшілік хаттама жиналған.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Алматыда ауру жұқтырғандардың көбеюіне осы секілді карантинді сақтамай, санитарлық дәрігерлердің талабын ескермеу себеп болған.

Ведомствоның мәліметінше, соңғы бір айда қалада коронавирус жұқтырғандар саны 2 есеге өскен. Тек маусым айында инфекция 4573 адамнан анықталған.

Ауру жұқтырғандардың басым көпшілігі 20-39 (37,6%) және 40-59 жастағылар (23,2%).

Сонымен бірге, әкімдік жыл басынан 29 маусымға дейін карантин талаптарын бұзған 2,4 мың нысанды анықтаған. 442 заңды тұлғаға 155 млн теңге айыппұл салынған.

Еске сала кетсек, бұған дейін қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Алматыда коронавирус жұқтыру дерегі балалар мен қарттар арасында көбейгенін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920819-almatydagy-tanymal-bardy-teksergen-top-150-adam-konil-kotergen-kesti-toqtatty-video/

pixel