RU

"Топтасып бір адамға жабылған": Алматы облысындағы демалыс аймағында 17 жастағы жігіт пышақталды

Пышақ ұстаған жігіт
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматы облысы Қарасай ауданында демалыс аймағында белгісіз адамдар топтық төбелес ұйымдастырды, онда кәмелетке толмаған бала жарақат алды. 17 жастағы жасөспірім пышақ жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Оқиғаға Алматы облысының полиция департаментінде түсініктеме берілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орнынан түсірілген видео мен ақпарат әлеуметтік желілерде таратылып жатыр. Автор түсіндіргендей, 30 маусымда бір топ адам демалыс аймағында даяшы болып жұмыс жасаған кәмелетке толмаған баланы ұрып-соққан.

"Бір топ адам осы демалыс аймағында даяшы болып жұмыс істеген балаға шабуыл жасады. Шабуыл жасағандардың жасы шамамен 35-40-тарда. Баланы 3 пышақ жарақатын алған. Зардап шегуші жедел түрде ауруханаға жатқызылды, онда оған операция жасалды және көкбауырын алып тастады. Қазіргі уақытта бозбаланың жағдайы орташа деп бағалануда.

Құқық қорғау органдары бір күдіктіні ғана ұстады, ал қалған қатысушылар әлі ұсталмады. Кінәлілер жазалануы керек!", – деп жазылған хабарламада.

Алматы облысының полиция департаменті жас жігітті пышақтау фактісін растады. 30 жастағы күдікті ұсталып, айғақ беріп жатқандығы атап өтілді.

"Факт 30 маусымда тіркелген. Шынында да, төбелес Алматы-Жандосово тас жолының 31-ші шақырымында орналасқан "Восточная Сказка" демалыс аймағы аумағында болған. Жанжал кезінде 2004 жылы туған кәмелетке толмаған баланың іш қуысына пышақ жарақаты салынған. Жәбірленуші аудандық ауруханаға жеткізілді.

Қылмыс жасады деген күдікпен Қарасай ауданының тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп хабарлады облыстың ПД баспасөз қызметі.

Ведомствода тергеу амалдары қылмыстық кодексінің 106-бабы, 2-бөліміне сәйкес (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) жүргізіліп жатқанын түсіндірді. Қылмыстық іс облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920826-toptasyp-bir-adamga-zabylgan-almaty-oblysyndagy-demalys-aimagynda-17-zastagy-zigit-pysaqtaldy/